{metadescription}
Нұрислам Санаев әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі

Нұрислам Санаев әлем чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі

Будапештте күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрислам Санаев күміс жүлдегер атанды. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда ресейлік балуан Заур Угуевтен 3:4 есебімен ұтылды. Соңғы ұпайды иеленіп, чемпиондық атаққа біртабан жақын тұрған Санаевқа төрешілер күтпеген жерден ескерту берді. Ал қалған 13 секундта біздің спортшы ұпай алып үлгерген жоқ. 

Санаев Азия чемпионаттарының «алтын» және «қола» медаль иегері. Ал Риода өткен соңғы Олимпиадада 12-інші орын алды. Еске сала кетейік, еркін күрестегі өзге қазақстандық балуандар жүлдеден алыс қалды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде