{metadescription}
Полиция қызметкерлерінің киім үлгісі өзгеретін болды

Полиция қызметкерлерінің киім үлгісі өзгеретін болды

Бұл киім үлгісі күнделікті киюге қолайлы және қазіргі заман талабына сай болады.

Ішкі істер органдарын жаңғырту шаралары аясында полиция қызметкерлерінің киім үлгісі де өзгереді, деп хабарлайды Алтайньюс. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.

– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, полицейлердің қазіргі киім үлгісі ыңғайлылығы және сапасы жағынан заман талабына толық сәйкес келмейді. Жаңғырту аясында қызметкерлердің жаңа киім үлгісі енгізіледі. Бұл киім үлгісі күнделікті киюге қолайлы және қазіргі заман талабына сай болады, – деді департамент директоры.

Садубаевтың айтуынша, қазіргі уақытта министрлік отандық киім өндірушілердің әртүрлі ұсыныстарын қарастырып жатқан көрінеді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде