{metadescription}
Танымал әнші Арашқа сот 25 мың доллар айыппұл салды

Танымал әнші Арашқа сот 25 мың доллар айыппұл салды

Өзбекстандағы сот Ташкенттегі продюсерлік компания мен танымал швед әншісі Араш арасындағы дауға нүкте қойды.

Ташкент облысындағы экономикалық сот шығарған үкімге сәйкес, Араш мүддесін қорғаушы "Extensive Music Sweden AB" компаниясы 25 мың доллар айыппұл төлеуі тиіс. "Extensive Music Sweden AB" компаниясы Өзбекстандғағы Nigora Media Group продюсерлік компаниямен келісімді бұзды деп танылды. Үкім биыл жазда жарияланған, бірақ ол Азаттық радиосының Өзбек қызметіне 23 қазанда ғана белгілі болды. Айыппұл Nigora Media Group компаниясының есебіне аударылады.

Nigora Media Group басшысы Нигора Соим Ташкентте Араш концертінің өтпей қалғаны үшін компания 50 мың доллар шығынға батқан. Сотқа шағымда ол 70 мың доллар өтемақы өндіріп беруін талап сұраған. Араш концерті өткен жылы 13 қазанда алты мың адамға арналған "Истиклол" өнер сарайында өтуі тиіс болған. Билеттер 60-тан 250 долларға дейін сатылған. Концерт 31 қазанға ауыстырылған. Бірақ Араш бұл күні Өзбекстанға келмеді. Әнші бұны өзбек ұйымдастырушылары өз міндеттерін орындамады деп түсіндірді.

Нигора Соимның айтуынша, ол Араш гонорарының 50 пайызын алдын ала төлеп қойған, оны дәлелдейтін банк құжаттары бар. Сот үкімін ол ағылшын тіліне аударып, Арашқа жолдаған, бірақ ол сот үкімін орындауға асығар емес. Өзбекстан Жоғарғы сотындағы дереккөздің хабарлауынша, бұл мәселе бойынша олар Швеция әділет министрлігіне Өзбекстан СІМ арқылы ресми түрде арызданады.

Дереккөз: centralasian.org

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде