{metadescription}
Астана маңында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Астана маңында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Жол-көлік апатына түскен автобус Қосшы ауылында тұрып жатқан балаларды үйді-үйіне жеткізбек болған.

Ақмола облысында мектеп оқушыларын сабақтан кейін үйіне апара жатқан оқушы жол апатына түсті, балалар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Sputnik.  Оқиға 23 қазан күні Целиноград ауданында болды. Автобус жүргізушісі сабақтан шыққан оқушыларды үйіне жеткізіп салмақ болу керек.

Алдын ала нұсқа бойынша автобус екінші деңгейлі жолдан басты трассаға шығып кетіп, "ВАЗ-21099" автомобиліне соғылған. Нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі әртүрлі жарақатпен аурухана жеткізілді. Автобус салонында отырған оқушылар зардап шеккен жоқ.

Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр. Целиноград ауданындағы білім бөліміндегілер автобустың №1 мектеп оқушыларын үйлеріне белгілі бір маршрут бойынша апара жатқанын хабарлады. Автобус салонында бес бала мен ұстаз болған.


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.