{metadescription}
Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған ұстаз 4 жылға шартты жазаға кесілді

Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған ұстаз 4 жылға шартты жазаға кесілді

Денис Тен туралы атышулы жазбасы үшін айыпталған оралдық мұғалім Шерхан Байзенов 4 жылға бас бостандығынан шектелді.

Мектепте ұстаз болып жұмыс істейтін Шерхан Байзенов 19 қазан күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өлгеннен кейін Facebook желісінде оны пышақпен жарақаттағандарды мақтап пост жазған. Осы посттан кейін қоғамда резонанс туып, мұғалімнің үстінен іс қозғалды. Өз кезегінде Байзенов Денис Теннің кім екенін білмейтінін айтып ақталған. Сондай-ақ, ол қазақстандықтарға кешірім сұрап видео үндеу жолдады.

Сот Байзеновті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») айыпты деп таныды. Естеріңізге салсақ, танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматының орталығында ұрылардың қолынан өлді. Денис Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.