{metadescription}
Мұхтархан Ділдәбеков республикалық «Көкпар» федерациясын басқаратын болды

Мұхтархан Ділдәбеков республикалық «Көкпар» федерациясын басқаратын болды

«Көкпар» мен «Аударыспақ» федерацияларының жаңа президенттері тағайындалды.

Мұхтархан Ділдабеков есімі спортсүйер қауымға жақсы таныс. Бірақ, екі Олимпиада ойындарында бақ сынаған, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, ХІІ Азиялық ойындарының жеңімпазы, ХІV Азиялық ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған атақты боксшының үлкен спортқа дейін додабұзар көкпаршы болғанын екінің бірі біле бермейді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ресми сайты.

Мұхтархан Ділдабеков 1976 жылы Түркістан облысы Мақтарал ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ -түрік университетін тәмамдаған. «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

Бокс қолғабын шегеге ілген 2006 жылдан Мұхтархан Ділдабеков Шымкент қаласының №5 бокстан олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2008 жылдан осы уақытқа дейін «Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің» директоры қызметтерін атқарып келді.

Ал, республикалық «Аударыспақ» федерациясының президенті болып тағайындалған Қобыландин Данияр Жаңабайұлы. Данияр Қобыландин 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын Ақтөбе облысы прокуратурасынан бастаған. ҚР Көліктік бақылау комитетінде, ҚР Президент әкімшілігінде, Алматы қаласы әкімдігінде қызмет еткен. Қазіргі кезде жеке кәсіпкер.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде