{metadescription}
102 жастағы қария сексуалдық қылмыс жасағаны үшін тұтқындалды

102 жастағы қария сексуалдық қылмыс жасағаны үшін тұтқындалды

Австралияның Сидней қаласындағы қарттар үйінде 102 жастағы ер адам 92 жастағы әйелге қатысты сексуалды сипаттағы қылмыс жасады деп айыпталуда.

Бұл туралы Agence France-Presse басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға түскі ас кезінде орын алған. Полициядағылар қарияның нақты қандай әрекет жасағынын айтпады. Тек оның ерсі әрекетке барғаны ғана белгілі.Аустралиялық заң бойынша, адамның келісімінсіз оның жыныс мүшесін ұстау және сексуалды сипаттағы өзге де әрекеттер сексуалдық қылмысқа жатқызылады. Сонымен қатар сексуалдық ләззат алу мақсатында жасалған сексуалды сипаты жоқ әрекеттер де аталған бап бойынша қарастырылады.

Қарттар үйіне келген полицейлер қарияны тұтқындады. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот отырысы 20 қарашада өтеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде