{metadescription}
ВИДЕО: 150 жылдық шіркеуге найзағай түсіп, өртеніп кетті

ВИДЕО: 150 жылдық шіркеуге найзағай түсіп, өртеніп кетті

АҚШ-тың Массачусетс штатында 150 жылдық көне шіркеуге найзағай түсіп, өртеніп кетті.

Уэйкфилд қаласындағы көне шіркеудің өртенгенін көрген тұрғындар найзағай шіркеудің тап төбесіндегі 50 метрлік сүмбісіне түскенін айтады. 

Сол сәтте шіркеуде оқу болып жатыпты. Дегенмен ішіндегі адамдар тысқа жүгіріп шығып үлгерді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Өртеніп жатқан шіркеуге үркіп қараған жұрт төбесіндегі сүмбінің құлап түскенін көрді.

Бүкіл ғимарат өртеніп кетті. Қала әкімшілігі бұл оқыс оқиғаны орны толмас қайғы деп атады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.