{metadescription}
Ғалымдар: Суық температура адам өміріне қауіп төндіреді

Ғалымдар: Суық температура адам өміріне қауіп төндіреді

Суық жүрек талмасын ұшырауды арттырады. Бұл пікірді швед ғалымдары жасап отыр. 

Швед ғалымдары қыста жүрек ауруына шалдыққан адамдардың өміріне үлкен қауіп-қатер төнеді  деген қорытындыға келді. Температура Цельсияда нөлден бірнеше градусқа төмендегенде, жүрек талмасының қаупі артады, деп хабарлайды РИА Новости.

Зерттеушілер 1998 жылдан 2013 жылға дейінгі миокард инфарктісі диагнозы қойылған Швецияның 274 мың азаматы туралы мәліметтерді қамтитын ұлттық тізілімді алға тартады.

Зерттеуге қатысқандардың жасы - 50-ден 80 жасқа дейін.

Оған сәйкес, төмен температураларда жүрекке кері әсері 10% -ға жоғары болды. Ғалымдар алдымен өздерінің қорытындыларының нәтижесіне сенбей, экологияның жүрек соғу қаупіне әсер етеді деп ойлаған. Бірақ, қазір суықтықтың қаупі расталып отыр. Ғалымдар оны былай түсіндіреді: температура төмендеген кезде, тамырлар тарылып, жүрек аз оттегі алады. Қыста адамдар тұмауға шалдығады, бұл да жүрек талмасына себепкер. 

Температураны + 3-4 градусқа дейін ұстап қалу жеткілікті - ол жүрек соғысының тұрақтылығын едәуір төмендетеді екен. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.