{metadescription}
Әйел қансырап жатқан күйеуімен селфи жасап, таныстарына жіберген

Әйел қансырап жатқан күйеуімен селфи жасап, таныстарына жіберген

Тұрмыстық жанжал кезінде әйелі күйеуіне пышақ сұғып алған.

Сургут тұрғыны қансырап жатқан күйеуімен бірге селфи жасаған. Тұрмыстық жанжал кезінде оған пышақ сұғып алыпты. Фотоға түскен соң, суретті таныстарына жолдаған.

Қанды оқиға 24 қараша сәрсенбі күні болды, деп хабарлайды Ханты-Мансийск автономды округы бойынша ІІМ басқармасының баспасөз қызметі. Күйеуі әйелді тұншықтырып жатқанда, ол пышақ сұқса керек.

Жарақат алған ер адам қазір ауруханада. Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол кетпейтіні туралы қолхат беріп, қамаудан босатылды. Ер адам қоғамдық орындарда мас болып жүргені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, учаскелік полицейдің тіркеуінде болған екен.

Дереккөз: Sputnik
 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде