{metadescription}
Алматыда балабақша меңгерушісі туберкулездің ашық түріне шалдыққан

Алматыда балабақша меңгерушісі туберкулездің ашық түріне шалдыққан

Алматыда  №144 балабақшаның меңгерушісі туберкулездің жұқпалы түріне шалдыққан болып шықты.

Бүгін осы оқиғаға байланысты балабақша  алдына  ата-аналар  жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ол денсаулығына байланысты уақытша демалыста болды. Оның орнын басқан әдіскер меңгерушінің қатты ауырып қалғанын  айтты. Меңгерушіні жұмыста қыркүйектің соңы мен қазанның  басында көріп жүрдік. Түрі жүдеу көрінді. Кешегі жиналыста бізге «ол ауруын 19  қазанда бір-ақ білген» деді. Біздің түсінбейтініміз - осындай ауыр диагноз қалайша бір күнде қойылады? Ол қалайша сырқат күйінше балабақшаға келіп жүрген? Кешегі ертеңгілікте балалардың біразы жөтеліп жүр. Барлығының өкпесін тексерту керек», - деді ата-аналар.

Ата-аналардың сұрағына Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы жауап берді.

«Әкімдік ретінде бізден талап етілетін барлық мәселелерді шешеміз. Меңгерушіден ашық түрдегі туберкулез жұқпасы анықталды. Біз оны кеше білдік. Ата-аналармен жиналыс болды. Барлық балалар мен ұжым қызметкерлері бүгіннен бастап рентген процедурасынан өтуі тиіс. Әйел өзінің диагнозын 19 қазанда білген. Сол күні-ақ жұмыстан кету туралы арыз жазды. Сол күні зертхана талдаулары дайын болып, оның туберкулездің ашық, яғни жұқпалы түріне шалдыққаны белгілі болды», - деді Дастан Қайратұлы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.