{metadescription}
Ақтөбеде 9-сынып оқушысы сыныптасын пышақтап тастады

Ақтөбеде 9-сынып оқушысы сыныптасын пышақтап тастады

Мектеп оқушылары төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды.

Қанды оқиға 17 қазанда Кирпичный ауылында орын алған. Бұл мектептегі жағдай әжетхана ішінде болған. Бастапқыда 9-сынып оқушылары арада туған дауды өзара сөзбен шешпекші болған. Алайда, оқушының бірі қалтасынан шығарған бәкі іспеттес пышақты қарсыласына сұғып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Оқушылар небәрі 14-15 жаста. 

Жеңіл жараланған оқушы ауруханаға жеткізілді. Дегенмен екі оқушының ата-анасы шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде мәселе шешіліп, екі жақ татуласты. Оқушының қолындағы пышақ суық қаруға жатпайды екен.


 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.