{metadescription}
Қазақстандық фильм Голливудтағы фестивальда бірінші орын алды

Қазақстандық фильм Голливудтағы фестивальда бірінші орын алды

«Әміре» фильмі Hollywood Film Festival кинофестивалінде үздік деп танылды.

Бұл туралы актер Санжар Мәдиев инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

«Достар! «Әміре » фильмі Голливудте Hollywood Film Festival кинофестивалінде бірінші орын жеңіп алды және қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды», — деп жазды ол.

Фильмде қазақтың атақты әнші, актер әрі музыканты Әміре Қашаубаевтың жарқын, бірақ қысқа, жұмбақ өмірі көрсетілген. 1925 жылы музыкант Exposition Internationale des Arts Decoratifs et Industriels Modernes аясында Дүниежүзілік музыка байқауына Парижге аттанады. Онда КСРО делегациясының әртісі ретінде Әміре Қашаубаев көрерменді таңғалдырып, күміс медальға ие болады. Айта кетейік, осыған дейін Hollywood Film Festival кинофестивалінің бірінші кезеңінде «Әміре» фильмі Silver Screen Award жүлдесіне ие болған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде