{metadescription}
«Лестер Сити» иесінің тікұшағы апатқа ұшырады

«Лестер Сити» иесінің тікұшағы апатқа ұшырады

Cенбінің кешінде «Лестер Ситидің» иесі Вишай Шривадданапрабханың Британияға ұшып шыққан тікұшағы көп ұзамай апатқа ұшырады.

ВВС мәліметінше, апат кезінде тай бизнесмені оның бортында болған. Оқиға команданың Лестердегі стадионының жанында, «Вест Хэм Юнайтед» командасымен матчтан кейін орын алған. Өрт сөндірушілерге жалынды сөндіру үшін 20 минут қажет болды. 

Вишай Шривадданапрабха «Лестер Ситидің» өз алаңындағы барлық матчтарына қатысып, стадионға жеке тікұшағымен келіп жүрді.  Бұл жолы тікұшақ стадион алаңынан ойыннан аяқталғаннан кейін жарты сағат өткен соң ұшқан. Куәгерлердің айтуынша, ол көп ұзамай жылдамдығынан айырылып, көлік тұрағының жанында құлап, өртене бастаған. Куәгерлердің бірінің айтуынша, «тікұшақтың артқы қалақшасы жұмыс істемегендіктен, ол айнала бастаған».   Матчта жұмыс істеген фотограф Райан Браун оған тікұшақпен апат алдында не болғанын жақсы көрініп тұрды. ВВС-ге берген сұхбатында ол:

«Тікұшақтың қозғалтқышы тоқтап қалды, мен бұрылып қарадым. Ол (тікұшақ) шырылдаған дауыс шығарып, одан кейін тынышталып қалды. Қалақшалары айналып, одан кейін қатты жарылыс естідім», - деді.

Ол апат орнына жүгіріп барғанда, үлкен жалын көргенін айтты. Тікұшақ стадион жанындағы өнеркәсіп паркіне құлаған. Апаттың себептері әзірге белгісіз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.