{metadescription}
Джейкобс Деревянченконы нокдаунға түсіріп, IBF чемпионы атанды

Джейкобс Деревянченконы нокдаунға түсіріп, IBF чемпионы атанды

Америкалық боксы Дэниэл Джейкобс укрианалық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, орта салмақтағы IBF чемпионы атанды.

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниел Джейкобс (35-2, 29 КО) төрешілердің шешімімен Украина боксшысы Сергей Деревянченконы  (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) бос титулына ие болды.

Джейкобс пен Деревянченко арасындағы кездесу Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden-нің шағын аренасында өтті. Жекпе-жек жоспарланған 12-ші раундқа дейін жалғасты. Бірінші раундта украиналық боксшы нокдаунға түсті. Төрешілердің шешімі бірауыздан болған жоқ:  Деревянченко пайдасына - 114-113 ұпай, ал Джейкобстың пайдасына екі рет 115-112 ұпайдан берілді.

Еске сала кетейік, белбеу ұйым оны Головкиннен тартып алған соң бос тұрды. Бұған қазақстандық боксшының рингте Деревянченкомен кездесуден бас тартқаны себеп болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде