{metadescription}
188 жолаушы бар ұшақ теңізге құлады

188 жолаушы бар ұшақ теңізге құлады

Индонезияның Lion Air әуе компаниясының жолаушылар ұшағы бүгін таңертең апатқа ұшырады.

Jakarta Post ақпараты бойынша, ұшақ  жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:20-да әуеге көтерілген. 13 минут өткеннен кейін ұшақ радардан жоғалып, онымен байланыс үзілген.

Индонезиялық құтқарушылардың мәліметінше, ел астанасы Джакартадан Панкалпинанг қаласына бағыт алған Boeing 737 MAX 8 теңізге құлаған. Индонезия көлік министрлігінің ақпаратынша, бортта экипажбен қосқанда 188 адам болған. 

Индонезия билігі ұшақты іздеуге үш кеме мен тікұшақ жібергенін хабарлады. Құқтару тобы Ява аралының батыс бөлігіне бара жатыр, олар ауданды зерттейтін болады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде