{metadescription}
Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан Азия кубогін иеленді

Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан Азия кубогін иеленді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен көркем гимнастикадан Азия кубогінде қазақстандық Айдана Сарыбай топ жарды. 

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Ол шығыршық, ұршық және таспамен жаттығуда үш алтын иеленсе, доппен жаттығуда күміс жүлдегер атанды. 

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Эльжана Таниева да үш алтынға қол жеткізді. Ол шығыршық, доп және таспамен жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, ұршықпен жаттығуда күмісті қанағат тұтты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде