{metadescription}
ШҚО-да 170 тонна шөп жанып кетті

ШҚО-да 170 тонна шөп жанып кетті

Өткен жексенбіде Ұлан ауданы Тарғын ауданында ірі өрт оқиғасы тіркелді.

Бұл туралы ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлайды. Өрт алдымен ауылдағы Айтықов көшесіндегі жеке үйдің ауласын шыққан. Кейін қызыл жалын ауыл шаруашылық нысандары мен шөпке шарпыған. Қатты желден қызыл жалын өрши түсіп, 5 үйдің ауыл шаруашылық нысандары мен ондағы шөпке тараған.

Мамандар үйдегі өртті сөндіруге бар күштері салып, жергілікті тұрғындарға малды қорадан шығаруға көмектескен. Олар өрт сөндіру барысында ауыл шаруашылығы нысанынан 2 газ баллонын шығарып үлгерген. Тілсіз жау 4 сағаттан соң өшірілді.

Облыстық ТЖД-нің қызметкелері өртті сөндіруге шамамен 12 сағат жұмсаған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалын 400 шаршы метрге шарпыған әрі 120 тонна шөп өртенген. Оттың неден тұтанғаны белгісіз. Мамандар екі себепті негізге алуда: отты айбайсызда пайдалану салдары және қасақана өртеу.

Екінші оқыс оқиға сол күні Жарма ауданындағы Кентарлау ауылында болған. Ауыл шарушылық нысандарының 180 шаршы метр аумағын және 45 тонна құрғақ шөпті қызыл жалын шарпыған. Өртті сөндіруге жергілікті тұрғандар да ат салысқан. Жалын 7 сағаттаң соң өшірілген. Ұлан ауданы Бозанбай ауылында да 5 тонна шөп жанып кете жаздады. Оны мамандар дер кезінде ауыздықтап үлгерген.

Дереккөз: BAQ.KZ

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде