{metadescription}
Әлемдегі ең үлкен әуежай ашылды

Әлемдегі ең үлкен әуежай ашылды

Жаңа әуежай "Стамбул әуежайы" деп аталады.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбулда әлемдегі ең үлкен әуежайды ашты. Ердоғанның айтуынша, Ыстанбұлда жаңа әуежайдың ашылуы тек Түркия ғана емес, бүкіл әлемге пайдалы болмақ. Президент Ыстанбұлдың Түркияның ірі қаласы ғана емес, елдің ең қымбат бренді екенін атап өтті.

Алғашқы уақытта әуежай 90 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді, ал 10 жылдан кейін жылына 200 млн адамға дейін қабылдайтын болады. Бұл трафик қазіргі уақыттағы әлемде ең үлкен әуежай болып саналатын АҚШ-тың Атлантадасындағы әуежайдан екі есе асады. Ыстанбұл әуежайының барлық кезеңінің құрылысы 2028 жылға дейін толық аяқталады. Алдағы он жылда әуежай кеңейе береді.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде