{metadescription}
Елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады

Елімізде жел күшейіп, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, жауын-шашын түседі.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с деңгейінде сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-ға жетеді, түнде кей жерлерінде бұрқасын болады. Жамбыл облысында таңертең және күндіз тұман болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.