{metadescription}
Қазақстандық оқушылар Бразилияда өткен ғылыми байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық оқушылар Бразилияда өткен ғылыми байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық 39 оқушы Бразилияның Ново-Гамбург қаласында өткен ғылыми жобалар байқауына қатысты.

Олардың 16-сы – Астана қаласы мектептерінің оқушылары, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Байқау 33-ші «Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia» (Mostratec) халықаралық білім беру жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылды.

Mostratec көрмесінің мақсаты - оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ынталандыру, ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету және оқушылармен жұмысқа мамандарды тарту. Қазақстандық оқушылардың ғылыми жұмыстары жоғары бағаға ие болды. 

Халықаралық байқау-жәрмеңке қорытындысы бойынша елордалық «Білім және инновация» лицей оқушылары Бағлан Бауыржанұлы, Жанайдар Қарманов, Тимур Сәтмағамбетов «Жапондық храмдар геометриясы» жобасымен  I орын ие болып, алтын медальды еншіледі. Үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және білім гранттарымен марапатталды. Шараны ұйымдастырушылар қазақстандық оқушылардың дайындығы мен Қазақстандағы білім деңгейіне өздерінің жоғары бағасын берді.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде