{metadescription}
Полицейлер бірігіп әріптесін зорлаған

Полицейлер бірігіп әріптесін зорлаған

Уфада полиция бөлімшесінде үш азамат әріптестерін зорлағаны үшін қамауға алынған.

Ресейдің Тергеу комитеті Башқұртстан Республикасы бойынша басқармасының Уфа қаласы Киров ауданының тергеу бөлімі РФ ІІМ Уфа ауданы бөлімінің тергеушісіне бірнеше тұлғаның сесксуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасауына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

2018 жылы қазанның 29-ынан 30-ына қараған түні РФ ІІМ Уфа ауданы бөлімінің көші-қон мәселелеріне қатысты бөлімшесінде 23 жастағы қызды үш әріптесі зорлайды. Күдікті үш полицей бөлімшеде алкогольдік ішімдікке масайып алып, бөлімшеде басқа ешкім қалмағанын пайдаланып, жұмысын істеп жүрген аруды кабинетке шақырыпты.

Комсомольская правда басылымының мәліметінше, 23 жастағы жәбірленушінің заң университетін бітіріп, жұмысқа тұрғанына жарты жыл болған. Бойжеткеннің әкесі қаладағы беделді офицерлердің бірі екен.

Қызметкерлер зорлық әрекетке барды дегенге өзге әріптестері де сенбей отыр. Қазіргі уақытта барлық күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал жәбірленуші қызға сот-медициналық сараптама тағайындалған.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.