{metadescription}
Қостанайда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты, жүргізуші көз жұмды

Қостанайда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты, жүргізуші көз жұмды

Қостанайда жол-көлік апаты салдарынан 22 жастағы жүргізуші көз жұмды.

Оқиға 1 қараша күні түнгі сағат 02.30 шамасында Қостанай қаласындағы Киевский көшесінде болған, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«ВАЗ-2114» автокөлігінің 22 жастағы жүргізуші 29 жастағы азамат тізгіндеген КамАЗ-бен соқтығысты. Жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Жолаушысы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.   

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде