{metadescription}
Қай облыстың мемқызметшілері жазаға көбірек тартылды

Қай облыстың мемқызметшілері жазаға көбірек тартылды

Мемлекеттік қызметшілер арасында әдептік құқық бұзушылықтардың саны азайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін жоғарылатуда және құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуде Әдеп жөніндегі кеңестер және уәкілдер шешуші рөл атқарады. Олардың қызметі толығымен әдептілік бұзушылықтарын алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған. Жалпы алғанда, алдын алу шаралары тәртіптік тәжірибеде оң өзгерістерге әкелді, жекелеген бағыттарда әдептік құқық бұзушылықтардың саны азайды. Қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалану фактілерінің, әлеуметтік желілерде әдепсіз мінез-құлыққа байланысты бұзушылықтардың саны едәуір төмендеді. Ағымдағы жылы тек бірен-саран жағдайлар тіркелген», - делінген агенттік мәліметінде.

Осы орайда ведомство өкілдері бұл жағымды өзгерістер қоғамның белсенді азаматтық ұстаным танытуымен тікелей байланысты екенін атап өтуде.

Белгілі болғандай, 2018 жылдың 9 айында Әдеп нормаларын бұзғандары үшін тәртіптік жуапкершілікке 182 мемлекеттік қызметші тартылды. Бұл тұрғыда тәртіптік жауапкершілікке ең көп тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны өңірлер бойынша сараланды. «Алматы облысында - 32, Түркістан облысында - 28, Маңғыстау облысында - 18, Павлодар облысында - 14, Шығыс Қазақстан облысында - 13, Ақмола облысында - 13, Жамбыл облысында - 11 адамды құрады.

Тәртіптік жазаға тартылғандардың ішінде 16 мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатылды, екеуінің мемлекеттік лауазымы төмендетілді, 27-сіне қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту жасалды.

Бұдан бөлек, 42-сіне қатаң сөгіс, 54-іне сөгіс берілді, 41 мемлекеттік қызметшіге ескерту жасалды», - деп нақтылады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде