{metadescription}
Қазақстандық әйел өзбек қыздарының тәнін саудалады деген күдікпен  ұсталды

Қазақстандық әйел өзбек қыздарының тәнін саудалады деген күдікпен ұсталды

 Шекара бекетінде жүргізілген шұғыл іздестіру операциясы барысында Қазақстанның 28 жастағы азаматы Жұлдыз У. ұсталды.

Ол адам саудасына қатысты қылмыстар жасады деген күдікпен қолға түскен. Өзбекстан құқыққорғау органдарының мәліметі бойынша, ұсталған әйел Алматы қаласындағы массаж салонында жалақысы жоғары жұмысты үш өзбек қызына ұсынған.

Шын мәнінде ол секс қызметін көрсетуге өзбек қыздарын Қазақстанға тартумен шұғылданған. Оған "адам саудасы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ташкент қаласы ішкі істер департаментінің хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр, ол қылмыстың басқа да жәбірленушілерін анықтап береді. Соның негізінде адам саудасына қатысты қылмыстан зардап шеккендерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі, қыздардың мұндай іспен шұғылдануға не себеп болғаны анықталады.

Дереккөз: centralasian

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде