{metadescription}
Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласын тізе бүктерді

Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласын тізе бүктерді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіби рингтегі өзінің 4-ші кездесуінде жеңіске жетті.

Бүгін АҚШ-тың Эль-Пасо қаласында (Техас штаты) өткен кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы америкалық Вон Александермен жұдырықтасып, кезекті жеңісіне қол жеткізді. Орта салмақта жұдырықтасатын боксшылардың жекпе-жегі жоспарланған 8 раундқа созылды. Бұл қазақстандық боксшының ең ұзаққа созылған жекпе-жегі болды. Үш төрешінің екеуі жеңісті қазақ боксшысына берсе, біреуі Вон Александер мықты деп тауыпты.

Жойқын соққыларымен көзге түскен Жәнібек Әлімханұлы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой ринг төріндегі төртінші жеңісі.

Вон Александер де осал боксшы емес. Бұл оның кәсіпқой бокстағы 14-ші жекпе-жегі. Соның 12-інде 32 жастағы Александер жеңіске жеткен екен (8-і нокаутпен). Айта кетерлігі, америкалық боксшы түрмеде жазасын өтеуіне байланысты кәсіпқой бокста 12 жыл үзіліс жасаған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.