{metadescription}
Астанада шетелдік азамат лифтідегі мониторды қасақана сындырған

Астанада шетелдік азамат лифтідегі мониторды қасақана сындырған

Астанада шет елдің азаматы тұрғын үйлерінің біріне кіріп, кіреберіс пен лифтіні ластап, бейнекамерасы бар мониторды бұзып кеткен.

Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, бұзақы шетелден келген екен. Бірақ, нақты қай елдің тумасы екенін әкім атап көрсетпеді.

«Мына бұзақы біздің ауданның тұрғын үйлерінің біріне кіріп, кіреберіс пен лифтіні ластап, бейнекамерасы бар мониторды бұзып кеткен! Егер камераны сындырсаңыз, бұл сізді түсірмей жатыр деген сөз емес! Бұндай әрекет жазасыз қалмайтынын кейбір адамдар қашан түсінер екен? Қазіргі кезде қалада, жолдарда болсын, үйлер мен кіреберістерде болсын, дүкендерде де қаншама бейнекамералар орнатылған, сондықтан бұзақыларды табу өте оңай» деп жазады әкім.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде