{metadescription}
Көкшетауда суға батып бара жатқан бала құтқарылды

Көкшетауда суға батып бара жатқан бала құтқарылды

Көкшетауда жастар өзенге батып бара жатқан баланы құтқарып қалды.

Оқиға 3 қараша күні болған. Көкшетаудағы Қылшақты өзеніне 8-9 жас шамасындағы бала түсіп кетіп, оны сол маңда кетіп бара жатқан кездейсоқ куәгер - 17 жастағы бозбала құтқарып алды. Анықталғандай, кішкентай оқушы мұздың үстінде ойнап жүрген сәтте мұз сынып кетіп, ол суға батып кете жаздапты. Жігіттердің ерлігіне желі қолданушылар риза болып, алғыстарын білдіруде.

Құтқарушының есімі - Темірлан Шәріпбаев, ол Зеренді ауданының тумасы. Бозбала Көкшетауда құтқарушының оқуын оқып жүр екен. Бала кезден осы кәсіпті меңгеруді армандапты. Ал, өзінің батыл әрекетін ол мүлдем батырлыққа баламайды, тек адамдық борышымды ғана атқардым дейді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.