{metadescription}
Танымал каскадердің Хэллоуинде қайтыс болғаны расталды

Танымал каскадердің Хэллоуинде қайтыс болғаны расталды

Хэллоуин мерекесінде қаза болған жігіт танымал қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин болып шықты.

Қазақстандық цирк әртісі Қасым Жұмағожиннің көз жұмғанын Nomad Stunts кәсіби каскадерлар тобының PR менеджері Евгения Ли растады. Маман каскадердің 3 қазан күні расымен де Алматы клубтарының бірінде өнер көрсеткенін айтты. Сценарий бойынша ол арқанға асылған мумияның рөлін сомдаған. Жұмағожин үш метр биіктікте ілініп тұрған өлі адамның кейпін көрсетуі қажет болыпты. Бұл трюкті орындау үшін әртіс каскадерлар қойылымға пайдаланатын арнайы жилет киген.

Алайда кеш басталғаннан кейін біраз уақыттан соң каскадер өзін нашар сезіне бастаған. Мұны байқаған серіктесі бірден Жұмағожинді биіктіктен түсіруді сұрапты.

Дәл осы сәт видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарап кетті. Ол уақытта әртіс есін біліп тұрса да, өзін әлсіз сезінген екен. Алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылғанымен цирк әртісін аман алып қалу мүмкін болмапты. Медицина қызметкерлерінен сараптама нәтижесінде каскадерді инфаркттан қайтыс болғаны көрсетілген екен.

Әріптестерінің айтуынша, Қасым Жұмағожин — өте тәжірибелі каскадер. Nomad Stunts тобы құрылғаннан бастап еңбек еткен. Одан бөлек, кәсіби цирк әртісі. Қасымның дайындығы өте жоғары деңгейде болатын, үздік отандық және голливудтық фильмдердің түсіріліміне қатысқан, деп атап өтті Nomad Stunts.

Еске салайық, бұған дейін белгілі қазақстандық каскадер Қасым Жұмағозин көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Қасым Жұмағожин спорттық гимнастикадан спорт шебері болған. Ижевск қаласында өткен цирк өнері халықаралық байқауында  "Алтын аю" сыйлығының иегері. Қазақ мемлекеттік циркінен атап өткендей, Жұмағожин екінші буындағы цирк әртісі болған.  
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде