{metadescription}
Өскемендіктер бүгін ерекше құбылысқа куә болды

Өскемендіктер бүгін ерекше құбылысқа куә болды

Айырмашылығы, сәуленің суға емес, мұзға шағылуынан пайда болған.

Өскемендіктер аспаннан кемпірқосақтың туысын көрді, деп хабарлайды Алтайньюс. Таңсәріде күннің айналасында жарқыраған шеңбер пайда болды. Иә, бұл құбылысты кемпірқосақтың туысы деуге болады. Айырмашылығы, сәуленің суға емес, мұзға шағылуынан пайда болған.

Мұндай жарыққа қарау көзге зиян екені белгілі. Көз қарықтырады. Дұрысы, күннен қорғайтын көзілдірікті пайдаланыңыз.

Айта кетейік, Бейжіңнің түнгі аспанында ақ сәуле шашатын белгісіз ұшатын нысан көрінген болатын. Ғалымдар бұл нысанды күн сәулесін шағылыстыратындай биікте ұшатын әуе кемелерінен шығатын пайдаланылған газ болуы мүмкін деп болжап отыр.

 

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде