{metadescription}
Қазақстандық шорт-трекші әлем кубогында күміс медаль еншіледі

Қазақстандық шорт-трекші әлем кубогында күміс медаль еншіледі

Канаданың Калгари қаласында шорт-тректен Әлем Кубогының бірінші кезеңі аяқталды.

Бұл сайыста қазақстандық Абзал Әжіғалиев күміс медальға ие болды деп хабарлайды ҚР ҰОК. Жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыс Қазақстан командасы үшін сәтті өтті. Бұл сайыста қазақстандық спортшылар әлемдік деңгейде жоғары орындарға шығуға дайын екендіктерін көрсетті.

Осы тұста  Абзал Әжіғалиевтің 500 метр қашықтықта өнер көрсетуін ерекше атауға болады. Ол Олимпиада чемпионы қытайлық Дацзинге ғана (39.915) жол беріп, күміс медальді жеңіп алды. Айтпақшы, Абзал көрсеткен 40.136 сеундтық нәтиже Қазақстанның жаңа рекорды болып табылады. Ал сайыста үшінші орынды Венгриядан келген Шандор Лю иеленді.

"Маусымның басталуы сәтті болды. Бірінші күні жартылай финалға дейін жеттім, бірақ өкінішке орай, медаль ала алмадым. Бірінші кезеңнің соңғы күнінде финалға жетіп, екінші орын алдым. Ақтық сында үш Олимпиада чемпионымен жүгірдім. Маусым енді басталды, мен әлі жеңістеріммен қуантамын деп үміттенемін", - деді Әжіғалиев.

1000 метр қашықтықта басты финалға Еркебұлан Шамұханов шықты. Оның қорытынды нәтижесі бесінші орынды көрсетті. Ал финалға екі эстафеталық команда- әйелдер және аралас командалар қатысты. Екеуі де барлық қатысушы құрамдардың арасында бесінші орынға ие болды. Әйелдер командасын Анастасия Крестова, Әсел Тайшманова, Ольга Тихонова және Йонг А Ким таныстырса, аралас құрамда Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Анастасия Крестова, Йонг А Ким өнер көрсетті.

Алдағы күндері АҚШ-та өтетін екінші кезеңге Әжіғалиев қатыспайды. Онда команданың тек бір бөлігі ғана жол тартады. Әлем кубогының екінші кезеңі 9-11 қарашада Солт-Лейк-Ситиде өтеді. Ал аталған әлем Кубогының үшінші кезеңі 7-9 желтоқсанда Алматыда ұйымдастырылады.

 

 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.