{metadescription}
Қазақстан құрамасы дзюдодан ашық Азия кубогында 1 орын алды

Қазақстан құрамасы дзюдодан ашық Азия кубогында 1 орын алды

Ақтау қаласында 3-4 қараша күндері «Маңғыстау-арена» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы мәресіне жетті.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Аталмыш турнир 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр. Қазақстан құрамасы жарысты 7 алтын, 10 күміс, 13 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 1 орынмен аяқтады. 4 алтын иеленген Греция құрамасы екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 күміс медальмен Тәжікстан ұлттық құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы лицензиялық турнир болып табылады. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі. Мәселен, бірінші орын иегері 100 ұпайға ие болса, екінші орын алған дзюдошы 60 ұпай, үшінші орыннан көрінген спортшыға әлем рейтингінде 40 ұпайдан қосылады. Жарыстың бас ақпараттық серіктесі «Qazsport» арнасы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогін 4-5 қараша күндері эфирден көрсетеді.

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде