{metadescription}
Қазақстандық ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола алды

Қазақстандық ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қола алды

Ауыр атлетикадан Ашхабадта өткен әлем чемпионатында 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында үздіктер анықталды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, Қазақстандық Карина Горичева кіші қола медальмен марапатталды. Горичевадан бөлек елімізді бұл сайыста Әсем Садықова таныстырды. Екі спортшы да жүлдеге B тобында таласты.

Ал А тобындағы бәсекеден кейін қазақстандық ауыр атлеттердің қорытынды орындары белгілі болды. Нәтижесінде Садықова қоссайыс есебімен 226 келіні бағыныдырып, 7-ші орынға табан тіресе, Горичева 227 келіні игеріп, сегізінші орынға тұрақтады.

Сондай-ақ, Карина Горичева құрмет тұғырына көтеріле алды. Ол «жұлқа көтеруде» 107 келіні бағындырып, кіші қола жүлдені жеңіп алды. Әлем чемпинатында қытайлық олимпиада чемпионы Ден Вей (252 келі) жеңіске жетсе, екінші орынды солтүстік кореялық Сум Ун Рим (239 келі) алды. Ал үздік үштікті Таиландтан келген Раттаван Вамулан (239) қорытындылады.

 

Кеше

23 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде