{metadescription}
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тұтқындалды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тұтқындалды

Аманғалиев мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруға қарсы аса ауыр жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев сот санкциясымен екі айға тұтқындалды, деп хабарлайды  облыстық соттың баспасөз қызметі. Аманғалиев мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқаруға қарсы аса ауыр жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері 3 қараша 18:40-та Ақтау халықаралық әуежайынан С.Қ. Аманғалиевті ұстады, одан 115 000 евро көлемінде ақша тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – делінген хабарламада. 

Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 5 қарашадағы қаулысымен Аманғалиев Серік Қалешұлын екі ай мерзімге  қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде