{metadescription}
ШҚО-да жоқ студенттерге грант беріліп келген

ШҚО-да жоқ студенттерге грант беріліп келген

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы өңірдегі колледждер жұмысынан көптеген заңсыздықтар анықтады.

Облыстағы колледждердің жұмысын тексерген прокуратура өкілдері мемлекеттік тапсырыс, грант бөлу, жатақханамен қамту салаларында көптеген заңсыздықтар анықтаған. Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, білім беру мекемелерінің басым бөлігі түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы негізсіз ақпарат беріп келген. Ал шындығында оқу бітірген студенттердің жұмысқа орналасуына колледж басшылығы ешқандай ықпал етпеген.

«Мемлекеттік тапсырыс конкурстарын өткізуде өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Оқу гранттарын бөлуде де бассыздыққа жол берілген. Ал кейбір колледждер білім алушылардың санын қолдан көбейтіп, мемлекет қаржысын жымқырып отырған» - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Нақтылап айтқанда, Семей бизнес және сервис колледжінде, Өскемен мен Аягөз қалаларындағы политехникалық колледждерде сырттан келіп оқитын студенттерге жатақхана қарастырылмаса да, облыстық білім басқармасы қосымша гранттар бөліп отырған. Ал Күршім ауданында 12 жалған студентке шәкіртақы төленіп келген. Колледж мұғалімдері қағазда бар, өмірде жоқ студенттерге күн сайын баға қойып, тоқсан сайын емтихан «қабылдап» келген. Осындай жолмен мемлекет бюджетінен 8 млн теңге жымқырған.

«Білім мекемелерінің аумағын жалға беріп, жеке табыс көзіне айналдыру фактілері де анықталды. Өскемендегі ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің аумағынан ашылған ақылы көлік тұрағы прокуратураның ескертуінен кейін жұмысын тоқтатты», - делінген баспасөз мәліметінде.

Колледждердегі бассыздықтар кесірінен  мемлекетке 43 млн теңге шығын келген. Оның 36 млн теңгесі қайтарылды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.