{metadescription}
Денис Тен өліміне күдіктілерді қамау мерзімі тағы 15 тәулікке ұзартылды

Денис Тен өліміне күдіктілерді қамау мерзімі тағы 15 тәулікке ұзартылды

Алматыда Денис Теннің өліміне күдікті 3 адамды қамауда ұстау мерзімі тағы 15 тәулікке созылды.

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы ауданаралық мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілердің бірі ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша айыпталған Ж.Толыбаева қамауда 22 қарашаға дейін отыратын болды. Ал ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергенов 19 қарашаға дейін қамауда отырады. ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Ол 18 қарашаға дейін қамауда болады», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетов.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болған. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған. Ол оң жақ санының жоғарғы тұсынан жарақат алды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізіліп, көз жұмды.

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде