{metadescription}
Ластанған ауаны жасанды жаңбыр арқылы тазартпақ

Ластанған ауаны жасанды жаңбыр арқылы тазартпақ

Үндістанда ауаны жасанды жаңбыр жауғызу арқылы тазартпақ.

Ластанған ауадан зардап шегіп жүрген Үндістан астанасы Нью-Дели қаласының билігі атомсфераны жасанды жаңбыр жауғызу арқылы тазартуға ниетті. Бұл жоспарды Ауаның ластануын қадағалайтын  Орталық департамент пен Канпурдегі Технологиялық институт мамандары ұсынды, деп хабарлайды The Economic Times газеті.

10 қарашада басталатын операцияға ұшақтар жұмылдырылмақ. Олар бұлттарға жауын-шашын шақыратын арнайы заттарды шашады. Айта кеткен жөн,үнді астанасы - әлемдегі ауасы ең лас қала. 5 қарашада Үндістанның Дели Ұлттық астаналық аймағында ауаның ластану деңгейі ДДСҰ-ның орнатқан қауіпті нормасынан 25 есе көп болды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде