{metadescription}
Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды.

Танымал мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Теннің туылып, өмір сүрген үйіне ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Петропавлға Қазақстан мен Ресей президенттерінің шекара ынтымақтастығы бойынша кездесуіне ұшып кеткендіктен, ашылу рәсіміне қатыса алмады.

«Біз әйгілі чемпионамызды ұмытпас үшін түрлі іс-шаралар өткізетін боламыз. Оның отбасымен бірге батырымыздың болашақ ескерткішінің кескінін жасап жатырмыз. Барлық дайындық жұмыстарынан кейін ескерткіш көктемде орнатылады деп үміттенеміз. Әкімдік Денис Теннің құрметіне дәстүрлі халықаралық турнир өткізуді жоспарлап отыр. Оның нақты күнін спорт қоғамдастығымен және Денистік анасымен келісеміз», - деді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Ашылу рәсіміне Кеңес Одағының және Ресей бапкері Татьяна Тарасова қатысты. Ол Денис Теннің ұлы жігіт болғанын айтты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.