{metadescription}
Із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыз табылмай жатыр

Із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыз табылмай жатыр

Көкшетауда 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 15 жастағы қыз іздестірілуде.

Екатерина Алпутова 2018 жылғы 28 қазанда Көкшетау қаласында жоғалған. Қыз үйінен осыған дейін үйінен кетіп қалып жүрген. Жасөспірімнің бойы 170-175 см, шашының түсі көкке боялған, көзі ақшыл-сұры. Маңдайының оң жақ тұсында меңі бар.

Облыс орталығы мен қала маңындағы елді мекендерде іздестіру шарасына қатысып жатқан полицейлер мен еріктілер Екатеринаны көрген және жүрген жерін білген адам болса, хабарласуын сұрайды.

Дереккөз: inform.kz

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде