{metadescription}
ФОТО: Анасы 12 жыл комада жатқан ұлының оянғанын көрді

ФОТО: Анасы 12 жыл комада жатқан ұлының оянғанын көрді

Қытайда 12 жыл комада жатқан адам есін жиды. Осыншама жыл науқасқа анасы қарап келген.  

Ван Шубао есімді науқас 12 жыл бойы ессіз жатқанда оның анасы күні-түні ұлының қасында күтумен болған. Бұл туралы The Mirror басылымы жазады.

Ван 2006 жылы Шоугуан қаласында елдің оңтүстігіндегі Шаньдун провинциясында көлік апатына ұшыраған. 36 жастағы еркек сал болып, комаға түсіп кеткен. Оның еміне жұмсалатын ақшаның бәрін 63 жастағы шешесі Вэй Минъин өз мойнына алыпты. Жесір әйел өмір бойы жинаған бар қаражатын дәрігерлерге беріп, ұлын бағып-қағып отырған. Ал қаражат жетпей қалған кезде ол 120 мың юань қарызға алды. Тіпті көк тиынсыз қалған күндер де болыпты. Әйелдің ақшасы таусылғанда ұлының жанында бір ай бойы аш отырған. 

«Аузым кеберсіп кеуіп қалды, тек су тамызып жүрдім», —  дейді ол. 

Жанұшырған ана 20 келіге арып, қазір салмағы небәрі 30 килограмм. Соған қарамастан қазір 75 жасқа келген кейуана таңғы бесте тұрып ұлын жуындырып, тамағын беріп, дәретке апарып, массаж жасап, төсекке таңылған ұлының денесі ойылып қалмас үшін оны аударып-төңкеріп отырады. 

Жақында Ван алғаш рет көзін ашып, анасына қарап жымиды. Шешесі бақыттан басы айналып, кемсеңдеп жылап, тәңірге алғысын жаудыруда. Ұлы қозғалып, сөйлей алмаса да, бәрін көріп, түсініп жатқанына сенімді. 

«Әйтеу бір күні толық жазылып кетеді деп үміттенемін. "Ана" деп айтқан сөзін естуге жазсын», — деді журналистерге Вэй.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде