{metadescription}
Сыра ішіп тұрған кішкентай қыздар камераға түсіп қалды

Сыра ішіп тұрған кішкентай қыздар камераға түсіп қалды

Елорда аулаларының бірінде гараждардың арасында сыра ішіп тұрған бір топ кішкентай қыз камераға түсіп қалды.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлады.Әкімдіктің баспасөз хатшысы Фейсбук желісіне видео жүктеді. Онда қаланың ішіндегі гараждардың арасында кәмелет жасқа толмаған қыздардың сыра бөтелкесін алма-кезек ішіп тұрғанын көруге болады. Олар қаладағы iKomek орталығының камераларына түсіп, полиция жедел жетіп барды.

"Мынаны қараңыздар! Бұл қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен түсірілген бейнетаспа", — деп жазды видео астына Эльвира Жүргенбаева.

Балалар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 2-бөлімі 440-бабы бойынша заң бұзып тұр.

Дереккөз: baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.