{metadescription}
Facebook  хабарлама жібергеннен кейін оны өшіруге мүмкіндік береді

Facebook хабарлама жібергеннен кейін оны өшіруге мүмкіндік береді

Facebook Messenger-де жаңа пайдалы қызмет пайда болады.

Пайдаланушылар жіберілген хабарламаларды өшіре алады. Дегенмен, бұл қызмет хатты жібергеннен кейін алғашқы 10 минут ішінде қол жетімді болады. Facebook  хабарламаны жіберуден бас  тартқан пайдаланушыларға ойлануға уақыт береді. Бұл мүмкіндік iOS құрылғыларына арналған Facebook Messenger қосымшасының сипаттамасында (191.0 нұсқасы) көрсетілген.  Пайдаланушыларға ойлануға 10 минут беріледі.

 «Жақында: Чат арқылы жіберілген хабарламаны жою мүмкіндігі. Егер сіз қателесіп сурет, қате ақпарат немесе хабарды қате жіберген болсаңыз, сіз оны жібергеннен кейін он минут ішінде өшіре аласыз»», - деп мәлімдеді Facebook.

Facebook сәуір айында жіберілген хабарламаларды өшіру мүмкіндігін қосуға уәде берді. Бұл, бұқаралық ақпарат құралдары компанияның негізін қалаушы Марк Цукербергтің пайдаланушылармен хат алмасқаннан кейін өшірілген хаттарды байқағаннан соң жасалды. Facebook әкімшілігі бұл әрекетті қауіпсіздік талаптары деп түсіндірді.

Gmail поштасында «жібергенді өшіру» түймешігі 2015 жылы енгізілді. Алайда, пайдаланушы кенеттен хабарламаны жіберуде ойын өзгертсе, «жіберу» батырмасын кездейсоқ басқан немесе кейбір өзгерістер енгізгізуді қалаған жағдайда бұл қызмет тек хаттың жіберілуін кешіктіреді. Бірнеше секундтан кейін хат жіберіліп, «кері қайтару» мүмкіндігі болмайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.