{metadescription}
ФОТО: Норвегия корольдігінің әскери кемесі танкерге соғылып, суға батып кете жаздады

ФОТО: Норвегия корольдігінің әскери кемесі танкерге соғылып, суға батып кете жаздады

Норвегияның Берген қаласындағы теңіздің қолтығында танкер мен әскери кеме соқтығысып қалды. 

Арктиканың НАТО жаттығуларына қатысқан Норвегия корольдігі Әскери-теңіз флотының фрегаты Helge Ingstad қисайып барып суға бата бастады

Экипаждың 137 мүшесі эвакуацияланды, 7 адам өміріне қауіпсіз жеңіл жарақат алды.

Норвегия Қарулы күштері штаб-пәтерінің өкілі полковник Эйстайн Кварвинг бұл оқиғаны тергеудің басталғанын жариялады.

Британияға бағыт алған Мальта туы астындағы TS Sola танкері шикі мұнай тасып бара жатқан. Ол зақымданбай, бүтін сақталып қалды.

Норвегияның Sysla кеме қатынасы басылымының пікірі бойынша, кеме айлақтан борттық қайықтың көмегімен шығарылыпты.

Ол нендей себеппен фрегатқа соқтықты? Айта кету керек, фрегаттың борты 10-метр тесіліп, ойылып қалған. Оны тексеру басталып кетті.

Норвегиялық «Equinor» мұнай компаниясы осы аумақта орналасқан транзиттік терминалды сақтық шарасы ретінде тоқтатуға мәжбүр болды.

Кеше

25 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде