{metadescription}
Баланы талап өлтірген иттердің иесі: Заң алдында жауап беруге дайынмын

Баланы талап өлтірген иттердің иесі: Заң алдында жауап беруге дайынмын

Талдықорған маңындағы саяжайда баланы талап өлтірген питбуль тұқымдас иттердің бірде-бір құжаты болмаған.

Жантүршігерлік оқиға болған күні Әділжан Оңғарбаев Талдықорғанда болмаған. Иттері Мерекелік саяжайында 7 жасар баланы талап тастағанын телефон арқылы естіген. Ә. Оңғарбаев саяжайда питбульдарды 4 жылдан бері асырап келген. Бүгінге дейін олардың саны жетеуге жеткен.

Анықталғандай, иттердің бірде-бір құжаты болмаған. Жануарлардың иесі иттерді тек үйді күзету мақсатында өсіргенін, сатумен айналыспағанын айтуда. Әділжан Оңғарбаевтың сөзінше, асырап отырған питбульдардың барлығын оқиғадан кейін атқызып тастаған.

«Сол кезде олар күйлеп жүрген еді. Сондықтан вольерға қамап тастағанмын. Көрші бала темір өткізу үшін екі баланың сыртта күтіп жүргенін айтқан еді. Иттер соларға үріп, шығып кеткен ғой. Бізде де кішкентай балалар бар. Көрші балалар да сол иттермен ойнайтын. Ары-бері қыдырту үшін босатып алып кететін. Иттер ешкімге тиіспейтін. Бұлай боларын кім ойлап еді. Өте қайғылы жағдай. Сұмдық оқиғаны естігенде есеңгіреп қалдым. Бірден қалаға жеттік. Баланың қасында соңғы сәтке дейін отбасым ауруханада болды. Амандығын тіледік. Амал қанша.  Бәрімізде де бала бар. Өте қайғылы жағдай. Заң алдында жауап беремін, жауапкершіліктен қашпаймын. Баланың әке-шешесінен қайғырып, жалына кешірім сұраймын. Барша қазақ елінен кешірім сұраймыз»,  - деді Әділжан Оңғарбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, баланың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 104-інші, яғни «Абайсызда қазаға ұшырату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: inform.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.