{metadescription}
Димаш Ресей публикасын жаулап алады - композитор Игорь Крутой

Димаш Ресей публикасын жаулап алады - композитор Игорь Крутой

Әнші Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сахнасында ән салған. 

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сахнасында ән салып, «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында қонақта болды. Бірегей тембрімен әлем халқын тамсандырған Димашты осылайша, тағы бір ресейлік арна мойындап отыр.  Шоуды әзірлегендер әншінің дауысының құпиясын ашпақ болады. Ресей шоу-бизнесінің нарығына батыл қадаммен енген әнші бағдарлама соңында композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

«Осы әннен кейін сен сөйлей аласың ба?», - деп сұрады таңданысын жасыра алмаған бағдарлама жүргізушісі Димаштан.

Өз кезегінде композитор Игорь Крутой Димаштың «Ресей публикасын жаулап алатынын» айтып өтті. Айта кетерлігі, «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнін Игорь Крутой әйгілі француз әншісі Лара Фабиан үшін жазған болатын. 

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Димаштың Мәскеудегі Кремль сарайында өтетін Ресей Федерациясының Ішкі істер органдарының қызметкері күніне арналған концертте өнер көрсеткені жайлы видео тарады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде