{metadescription}
Эбола індетінен 200-ден астам адам қайтыс болды

Эбола індетінен 200-ден астам адам қайтыс болды

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індеті белең алды.

 Шілде айынан бері осы дерттен көз жұмғандар саны 200-ден асты. Бұл туралы кеше елдің денсаулық сақтау министрлігі Твиттердегі парақшасында мәлім етті.

 «10 қарашаға дейін жалпы 326 адам Эбола ауруын жұқтырды деген күдікпен тіркелді, соның 291-і расталды, қалған 35-інде әлі анықталмады», - делінген хабарламада. 

ВВС-дің хабарлауынша, соңғы күндері бұл ауруды жеті адам жұқтырғаны, үш адамның ажал құшқаны анықталды. Әсіресе КДР-дың Солтүстік Киву және Итури провинцияларындағы ахуал күрделі. Қайтыс болғандардың жалпы саны 201-ге жетті, 166-сында вирус зертхана талдаулары арқылы дәлелденген. Эболамен ауырған 98 адамның сырқатынан айыққаны әзірге дәрігерлердің көңіліне дем беріп отыр. 8 тамыздан бері елде 28 303 адамға қауіпті вирусқа қарсы вакцина егілген.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.