{metadescription}
Дархан Асаділов каратеден әлем чемпионатының қола жүлдегері

Дархан Асаділов каратеден әлем чемпионатының қола жүлдегері

Мадридте өтіп жатқан каратеден әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Дархан Асаділов қола медаль иеленді. 

Дархан 60 келі салмақта сынға түсіп, жартылай финалда жапондық спортшыдан ұтылған болатын. Қола медаль үшін күресте Асаділов әлемдік рейтингте алғашқы орында тұрған латвиялық Калвик Кальнинсті 5:4 есебімен жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынына жалғыз жүлдені салды. 

Ал 84 келідегі Данияр Юлдашев қола медальдан қол созым жерде тоқтады. Ол әлем чемпионы, ирандық Пуршабпен өткен кездесуде жеңіліске ұшырады. Естеріңізде болса, Берлинде өткен Премьер-лига кезеңінде Юлдашев ирандық каратешіні жеңіп кеткен еді. Сол қателіктен сабақ алған Пуршаб бұл жолы біздің спортшыға мүмкіндік бермеді. 

«Әлем чемпионаты ешбір спортшыға оңай соқпайды. Біріншіден, әлемдік рейтингте жоғары ұпай жинау үшін мүмкін болған халықаралық жарыстар мен Премьер-лига кезеңдерінің барлығына қатысу қажет. Ал әлем біріншілігіне кез-келген спортшы қатыса алады. Демек, жыл соңына дейін әбден шаршаған үздіктерді жас каратешілер тоқтата салуы мүмкін. Бұл сында мықты деген каратешілердің өзі жүлдесіз қалды. Әлемнің бес дүркін чемпионы Агаевтың өзі бұл жолы қола ғана таласты. Біздің командамыз үшін Асаділовтің жүлдесі үлкен жеңіс», - дейді каратеден ұлттық құраманың бас бапкері Жасталап Санауов.

Дереккөз: olympic.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.