{metadescription}
Павлодар облысында өрттен ер адам қаза тапты

Павлодар облысында өрттен ер адам қаза тапты

Өрт  бес қабатты үйдің төртінші қабатында болған.

Ақсу қаласында бес қабатты үйден шыққан өрттен 54 жастағы ер адам қайтыс болып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті.

- Өрт Дөнентаев көшесіндегі бес қабатты үйдің төртінші қабатында орын алған, - деді ведомствада.

Оқиға орынынан ер адамның денесі табылды. Екі көрші пәтердің тұрғындары зардап шекті. Қалалық емханаға газбен уланған зейнеткер мен 24 жастағы ер адам жеткізілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Дереккөз: pavlodarnews.kz
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде