{metadescription}
БҚО-да қырықтан астам қойды қасқыр қырып кетті

БҚО-да қырықтан астам қойды қасқыр қырып кетті

Батыс Қазақстан облысында қырықтан астам қойды қасқыр қырып кетті.

«Жас дәурен» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Досановтың айтуынша, тосын оқиға Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Аңқаты ауылы маңында орын алды.

«6 қараша күні кешкісін жайылымда жүрген қойлар аман еді.  Шамасы, қасқыр малды үркітіп, айдап кеткен секілді. Ертеңіне барып қарағанда, 60 бас қойдың 41-ін қасқыр жеген, жарып тастаған. Таланғандары да бар. Соның 8-і пышаққа ілінді. Тоқтыларды тапсырып жіберіп едім, бәрі де саулық қойлар еді. 19-ы ғана аман қалды», - деді Н.Досанов.

Айта кетейік, бұл - әзірге бірінші оқиға. Қасқырдың малға шабуы қысқа қарай көбейетіні белгілі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.