{metadescription}
Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады

Португалияда «Эйр Астана» ұшағында техникалық ақау дабылы қағылды.

11 қараша күні «Эйр Астана» әуе компаниясының Эмбраер-190 ұшағынан Португалияда техникалық қызметтен кейінгі ұшу кезінде техникалық ақау табылып, экипаж Португалияның Бежа қаласындағы аэродромға қонуға мәжбүр болған еді. Болжам бойынша, оқиғаға алдын ала жүргізілген жоспарлы жұмыстардың нәтижесі себеп болуы мүмкін.

«Британиялық инженердің тобығына зақым тиіп, ал қазақстандық инженердің артериялық қан қысымы көтерілген. Оларға медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ», - дейді арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

Қазіргі кезде әуе компаниясы тоғыз Embraer ұшағын пайдаланады. Air Astana өкілдерінің айтуынша, алдымен оқыс оқиғаның нақты себептерін айқындау қажет, қалған ұшақтарды тексеру қажет пе, жоқ па - бұл туралы шешімді компания содан кейін шығарады.

Кеше

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.